Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы 2025 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» болды.
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы Қазақстан Республикасы Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Колорадо тау-кен мектебі, АҚШ, 2013-2015 жж.; Қазақстан Республикасы Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, «500 ғалым» жобасы, Гамбург қолданбалы ғылымдар университеті, Германия, 2023 ж.
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы 2022 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ғылыми жетістіктері үшін алғыс хатымен марапатталды.
2025 жылдың 17-18 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6В012-«Химия педагогтерін даярлау» бағыты бойынша өткізілген XVIІ Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасынан 4 курс студенті Бекбулат Қайсар 1 орынды жеңіп алды, жетекшісі: х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бусурманова А.Ш.
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы 2024 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Шахмардан Есенов медалімен марапатталды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ибраева Мәншук Мұратқызы 2023–2024 жылдар аралығында ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметтегі жоғары нәтижелері үшін бірқатар беделді марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2023 жылы YU тарапынан берілген «Алғыс хатына», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хаты» құрмет дипломына ие болды.
2024 жылы оның кәсіби және ғылыми жетістіктері жоғары бағаланып, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, жас ғалымдар арасындағы ғылыми әлеуеті мен белсенділігі үшін «YU Үздік жас ғалым – 2024» атағын иеленді. Ғылым мен білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Есенов» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломына лайық деп танылды. 2024 жылы қоғамдық және кәсіби белсенділігі, жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Жас Тұлпар – 2024» жастар премиясының жеңімпазы атанды.
Аталған марапаттар Ибраева Мәншук Мұратқызының ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметтегі жоғары кәсіби деңгейін, сондай-ақ ел дамуына қосып жүрген үлесінің маңыздылығын көрсетеді.
Жидебаева Айнур Ербулатовна ғылыми-педагогикалық қызметтегі белсенділігі мен кәсіби жетістіктері үшін бірқатар марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2023 жылы университет деңгейінде жоғары нәтижелері үшін YU «Алғыс хатымен», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2024 жылы өңірдің әлеуметтік-ғылыми дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Ал 2025 жылы ғылым мен жоғары білім саласындағы елеулі жетістіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен марапатталды.
«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының аға оқытушысы Серикбаева Айгүл Қошмұратовна 2024 жылы кәсіби қызметіндегі жоғары нәтижелері, оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін Есенов университеті ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Мұхашева Р.Д. білім беру және ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы ұзақ жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.
2007 жылы университеттің дамуына, білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін университет ректорының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2009 жылы ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің «Құрмет грамотасына» ие болды.
Ш. Есенов атындағы университеттің 45 жылдығына орай берілген төсбелгімен марапатталды. 2011 жылы білім мен ғылым саласындағы елеулі еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сагиндыкова Эльвира Умировна 2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрінің ғылыми жетістіктері үшін алғыс хатымен, 2025 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Шахмардан Есенов медалімен марапатталды.
Қарамырзаев Ғалымжан Алпамысұлы төмендегідей алғыс хаттармен марапатталған:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі (2020 ж.)
Caravan of Knowledge ұйымдастырумен өткен STEM бойынша қалалық (Астана) жеңімпазы, республикалық кезең финалисті
«AlmatyUstazy 2023» химия пәні бойынша жеңімпазы
Маңғыстау облысының білім басқармасы Құрмет грамотасы (2024 ж.)
«Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Алғыс хат (2024 ж.)
Маңғыстау облысы Төиенше жағдайлар департаменті Алғыс хат (2024 ж.)
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы 1) «Өнеркәсіптік және тұрмыстық полимер қалдықтарымен мұнай битумын модификациялау», гранттық қаржыландыру, 2020-2022 жж.; «Шағырлы Шөмішті кен орнындағы балшықпен жабылған және уытталған ұңғыма учаскелерін химиялық өңдеу» келісімшарттық жобасы, 2019 ж.; «ҚазАзот» АҚ жағдайында түйіршіктелген аммоний сульфатын синтездеу технологияларын әзірлеу», гранттық қаржыландыру, 2023-2025жж.; «Резеңке қалдықтарымен мұнай битумын модификациялау», гранттық қаржыландыру, 2023-2025жж. жобалардың орындаушысы болды.
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бусурманова Ақкенже Шаншарқызы «Мұнай битумдары мен асфальтбетондарды резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау технологиясын әзірлеу», гранттық қаржыландыру, 2025-2027жж. жоба жетекшісі.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ибраева Мәншук Мұратқызы ғылыми-зерттеу қызметі аясында 2018–2025 жылдар аралығында іргелі және қолданбалы бағыттағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, 2018–2020 жылдары «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы пайдалы өсімдіктердің фитохимиялық скринингі» тақырыбындағы ғылыми жобаға қатысып, отандық флораның биологиялық белсенді заттарын анықтау және олардың ғылыми әлеуетін бағалау бағытында зерттеулер жүргізді.
Сонымен қатар, 2018–2020 жылдар аралығында орындалған «Медицина мен ауыл шаруашылығына арналған өсімдік шикізатынан отандық жаңа препараттарды бөліп алудың ғылыми негіздерін жасау» жобасы аясында өсімдік тектес шикізаттан тиімді әрі қауіпсіз биологиялық белсенді қосылыстарды алу жолдары зерттеліп, олардың практикалық қолданылу мүмкіндіктері қарастырылды.
2023–2025 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Мұнай битумдарын резеңке-техникалық қалдықтармен модификациялау» атты қолданбалы жоба шеңберінде экологиялық және өндірістік маңызы жоғары зерттеулер жүргізілуде. Бұл жоба мұнай-химия саласында қалдықтарды қайта өңдеу арқылы битумдардың сапалық көрсеткіштерін арттыруға және өндірістік технологияларды жетілдіруге бағытталған.
Аталған ғылыми жобалар Ибраева Мәншук Мұратқызының жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары ғылыми әлеуетін, пәнаралық зерттеулер жүргізу қабілетін және отандық ғылым мен өндірісті дамытуға қосқан елеулі үлесін айқындайды.
«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының аға оқытушысы Жидебаева Айнур Ербулатовна 2012–2025 жылдар аралығында экология, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағыттарында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, белсенді ғылыми қызмет атқарды.
2018–2020 жылдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылған «Өсімдіктердің биоәртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану үшін Маңғыстау шөлді аймағында ландшафтық-коллекциялық және бақ-саябақ екпелерін құрудың ғылыми-практикалық және компьютерлік-ақпараттық негіздерін әзірлеу» тақырыбындағы жобада жауапты орындаушы ретінде қызмет атқарды. Аталған жоба аясында зерттеу жұмыстарын жоспарлау, эксперименттер мен талдаулар жүргізу, алынған ғылыми нәтижелерді жүйелеу және рәсімдеу бағытында маңызды жұмыстар атқарды.
2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас Ғалым» бағдарламасы шеңберінде жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған AP19175489 «Шетпе–Оңтүстік бор карьерінің аумағында биоалуантүрлілікті сақтаудың экологиялық аспектілерін ГАЖ технологияларын қолданумен ғылыми негіздеу» тақырыбындағы ғылыми жобада ғылыми жетекші ретінде зерттеулер жүргізуде. Жоба аймақтық биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін геоақпараттық технологиялар арқылы ғылыми тұрғыда негіздеуге бағытталған.
Сонымен қатар, ИРН BR24992964 нөмірлі «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңіз операцияларының тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында интеграцияланған энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу» тақырыбындағы мега-жобада орындаушы ретінде қатысып, экологиялық тұрақтылық пен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерге үлес қосты.
Қарамырзаев Ғалымжан Алпамысұлы білім беру, инженерия және цифрлық технологиялар саласында инновациялық бағыттағы бірқатар жобалардың авторы әрі негізін қалаушы болып табылады.
2024–2025 оқу жылдарында ол робототехника саласы бойынша «Серпін» жобасының негізін қалап, жоба аясында оқушылар мен студенттерді халықаралық стандарттағы инженерлік дайындықтан өткізуге үлес қосты. Аталған жоба шеңберінде FLL Challenge (Joo Robotics) және FTC (362 ATA) санаттарындағы командалар республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, өздерінің техникалық және инженерлік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. 2025–2026 оқу жылына FLL Discover және FLL Explore санаттары бойынша жаңа командаларды дайындау жұмыстары жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Қарамырзаев Ғалымжан Алпамысұлы «EcoHydroFarm – экологиялық таза гидропоникалық ферма» жобасының авторы болып табылады. Аталған жоба экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және инновациялық агротехнологияларды енгізуге бағытталған. Жоба негізінде Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде арнайы зертхана ашу жоспарланып отыр.
Ғылыми қызығушылығы: металлургия, механохимия, селективті шаймалау
– AP08856414 Сольвометаллургическая переработка отвальных медных шлаков и хвостов их обогащения с получением коммерческих продуктов
– AP09562754 Механизм растворения феррита цинка в изопропанольных растворах минеральных кислот
– AP19679106 Механохимический рециклинг катодов литий-кобальтовых батарей в среде глубоких эвтектических растворителей
– AP23489870 Селективное извлечение лития, кобальта и марганца из катодов литий-ионных батарей механоактивацией и аммиачным выщелачиванием
– BR28713517 Разработка инновационных и экологические безопасных методов переработки металлургического шлака, обеспечивающих эффективное извлечение меди и других ценных компонентов c получением востребованных строительных и дорожных материалов
