Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуына үлес қоса отырып, болашақ ұстаздарды сапалы оқыту, шабыттандыру және педагогикалық зерттеулерді ілгерілету. Еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби дағдылары қалыптасқан, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Университет түлектері заманауи тұжырымдамалық мәселелерді талдай алатын, мәдениетаралық қарым-қатынастарды түсінетін, сондай-ақ этникалық, саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді объективті бағалай білетін тұлға ретінде қалыптасады.
Аймақтық және халықаралық деңгейде білім мен ғылымды дамытатын, инновациялық зерттеулер жүргізетін, Каспий өңірі мен ел дамуына үлес қосатын жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші университет болу. Ш. Есенов атындағы университеттің стратегиялық мақсаты – заманауи білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметі арқылы жаһандық білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті оқу орны ретінде орнығу.