Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 2024–2029 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына (24.02.2024 ж.) сәйкес факультеттің мақсаты – сапалы білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі түрде дамыту арқылы университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі, соның ішінде түркі әлемі кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті жетекші жоғары оқу орны ретінде қалыптасуына үлес қосу.