Педагогика факультеті бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, арнайы педагогика, тарих, дәстүрлі музыка өнері, химия, биология, география, химия–биология, математика, физика, информатика бағыттары бойынша жоғары білікті педагог кадрларды даярлайтын жетекші факультеттердің бірі болып табылады.
Факультетте мамандар даярлау бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлері бойынша үш сатылы білім беру жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде шет тілдерін меңгеру, білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдарымен, түрлі мекемелермен өзара ынтымақтастық орнату басты назарда.
Факультет түлектері ғылым мен білім беру саласында, мемлекеттік басқару құрылымдарында, мәдени-ағартушылық мекемелерде, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде табысты еңбек етуде. Республика және өңір көлемінде танымал саяси, қоғамдық және ғылыми қайраткерлердің қатарында факультет түлектері бар.
Мамандарды даярлау педагогика, психология, тарих, дәстүрлі музыка өнері, жаратылыстану және нақты ғылымдар салалары бойынша іргелі білім беру бағдарламаларына негізделген. Қазіргі уақытта факультетте 12 білім беру бағдарламасы бойынша 15 085 білімгер білім алуда. Олардың арасында Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер де бар.
Оқу үдерісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Факультетте 6 профессор, 32 ғылым кандидаты, 22 доцент, 13 PhD докторы, 36 магистр-аға оқытушы, 5 докторант және 2 практик маман қызмет атқарады.
Факультет құрамында келесі кафедралар жұмыс істейді:
Студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасалған: заманауи интерактивті дәрісханалар, толық жабдықталған кітапхана, интернет сыныптары, спорт кешені, студенттік асхана және жатақханалар бар.
Факультеттің негізгі міндеті – іргелі білім мен кәсіби құзыреттілікті үйлестіре отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, отансүйгіш, шығармашыл әрі инновациялық ойлайтын бәсекеге қабілетті маман даярлау.