Құндылықтарымыз

Факультет құндылықтары

Факультетіміздің ерекшеліктеріне сәйкес келесі негізгі құндылықтарға басымдық беріледі:

  • Студентке бағдарланған және инклюзивті білім беру – білім беру мен оқыту үдерістерінде ғылымилық, жаңашылдық және жоғары сапа қағидаттарын ұстану;
  • Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік – қоршаған ортаны құрметтейтін, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыру;
  • Инновациялық әдіс-тәсілдер – білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді меңгеру және тәжірибеде тиімді қолдану;
  • Ғылыми белсенділік – заманауи ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде қадағалау және дамыту;
  • Жаһандық ойлау және коммуникация – коммуникациялық білім беру саласында халықаралық стандарттарға сай даму және жаһандық деңгейде әрекет ету.