Факультетіміздің ерекшеліктеріне сәйкес келесі негізгі құндылықтарға басымдық беріледі:
- Студентке бағдарланған және инклюзивті білім беру – білім беру мен оқыту үдерістерінде ғылымилық, жаңашылдық және жоғары сапа қағидаттарын ұстану;
- Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік – қоршаған ортаны құрметтейтін, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыру;
- Инновациялық әдіс-тәсілдер – білім беру саласындағы заманауи тәсілдерді меңгеру және тәжірибеде тиімді қолдану;
- Ғылыми белсенділік – заманауи ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде қадағалау және дамыту;
- Жаһандық ойлау және коммуникация – коммуникациялық білім беру саласында халықаралық стандарттарға сай даму және жаһандық деңгейде әрекет ету.